"Қартын сыйлаған елде қасиет бар, олар айтқан сөзде өсиет бар" - деп дана халқымыз ежелден қариясын құрметтеген. Ал білім ссласына саналы ғұмырын арнап, ақылы-дария, білімі-теңіз, өмірлік тәжірибесі мол ардагерлеріміздің еткен еңбектері ұрпақ үшін үлгі және тәлім-тәрбие.
Осы орайда бүгін, 1 қазан - Қарттар күні мерекесі қарсаңында мектепте мерекелік кеш өткізіліп, мектептің ардагер ұстаздары шақырылды. Аталмыш шара аясында мерекелік бағдарлама ұсынылып, ардагерлерге сый құрмет көрсетілді.